ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
01.07.2025
11:04:40
ru
kz

Семей қаласында аспалы көпір жаңартылуда

Басты жаңалықтар
14.06.2025
19:16
Семей қаласында аспалы көпір жаңартылуда
Семейдің көрнекті нысандардың бірі - аспалы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп Urbanexpert.kz Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап, хабарлайды.

Мамандар жол төсемін толық ауыстыруда. Бұл аспалы көпір 2000 жылдары Жапониялық технологияны қолдана отырып салынған.

«Асфальтбетон жабынының адгезиясын қамтамасыз ету үшін гидрациялық материалды арнайы қолданамыз. Осы кезеңде біз жұмыс өндірісінің жобасын әзірледік және соған сәйкес жұмыс атқарамыз. Бізде жұмысты орындау бойынша арнайы нұсқаулық бар» - деді мердігер ұйымның өкілі Руслан Дускенов.

Асфальт жабынын ауыстыру өскемендік компания арқылы атқарылуда. Жұмыс тәулік бойы екі ауысымда жүзеге асырылады. Жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 43 адам. Оның ішінде «Аламан Строй Групп» ЖШС:
  • механизаторлар;
  • жұмысшылар;
  • гидрооқшаулауға жауапты бригада құрамы;
  • инженерлік-техникалық қызметкерлер;
«Аламан Строй Групп» ЖШС - жол бөлігінің асфальтбетон жабындысын алу, металл бетті қылшық щеткалармен тазалау, ТЕХНОНИКОЛЬ №08 полимерлік праймерімен бір реттік өңдеу (грунттау), болат негізге битум-полимерлі материалдарды пайдалану арқылы көпірге гидрооқшаулағыш қабатын төсеу жұмыс түрлерін орындауда.

Жол киімінің құрылымы және қолданылатын материалдар: металл бетті ТЕХНОНИКОЛЬ МОСТ №08 антикоррозиялық праймері, ТЕХНОЭЛАСТ МОСТ С гидрооқшаулағыш материалы, қалыңдығы 5 см болатын тығыз, ыстық асфальтбетон қоспасы жабындысы.

«Мұнда біз зауытта іріктеліп жатқан асфальтбетон қоспасына ерекше назар аударамыз. Арнайы қоспалар қосамыз. Бүгінгі таңда асфальтбетон төсеуге арналған полимер қоспалары келді. Ең бастысы, ақауларсыз сапалы төсеу» - деп атап өтті Абай облысындағы жол активтері сапасы ұлттық орталығы филиалының директоры Хамзат Султанов.

Оқи отырыңыз: Талғар ауданында еліміздегі ең ірі логистикалық нысандардың бірі салынуда
Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.