ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
11.03.2026
09:43:56
ru
kz

Елордада құрылыс саласының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдады

Қазақстан жаңалықтары
10.03.2026
17:38
Елордада құрылыс саласының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдады

Фото:Елорда әкімдігі 

Астанада құрылыс саласының өкілдері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтындарын білдірді. Бұл туралы  Urbanexpert.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға құрылыс саласында еңбек ететін мыңнан астам қызметкер қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, алдағы референдумның елдің болашақ дамуы үшін маңызы айтылды.

Жиында спикер ретінде Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, Астана қалалық мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм және кәсіпкер Әсем Нұрсейтова сөз сөйледі.

«Сіздер – елордамыздың көркіне көрік қосып жүрген жандарсыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Астанамыз күн сайын ажарланып келеді. Біз жайлы әрі жылы үйлерде өмір сүріп жатырмыз. Өйткені құрылыс саласы тек шаршы метр салумен ғана шектелмейді, ол – адамдарға жайлылық, жылулық пен қолайлы орта сыйлайтын сала. Көпбалалы ана ретінде мен үшін балаларым қандай елде өмір сүретіні аса маңызды. Бұл сіздер үшін де маңызды деп ойлаймын. Сондықтан 15 наурыз күні бәріміз өз учаскемізде дауыс беріп, таңдауымызды жасайық. Бірлігіміздің арқасында еліміз одан әрі дамыған, прогрессивті мемлекет боларына сенемін», – деді Әсем Нұрсейітова жиналғандарға қарата сөйлеген сөзінде.

Елордада жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған кездесулер мен түрлі іс-шаралар жалғасып жатыр. Онда еңбек ұжымдары мен түрлі сала өкілдеріне мемлекеттің негізгі заңнамалық құжаты саналатын жаңа жобаның басты қағидалары мен оның маңызы жан-жақты түсіндірілуде.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.