ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
16.10.2025
22:44:05
ru
kz

Алматы «Батыс» полиорталығын дамытуда: жаңа нысандар және заманауи стандарттар

Жаңалықтар
14.10.2025
09:31
Алматы «Батыс» полиорталығын дамытуда: жаңа нысандар және заманауи стандарттар

фото/Акимат города Алматы

Қала әкімі Дархан Сатыбалды «Батыс» полиорталығындағы жаңа жобаларға арналған кеңес өткізді деп хабарлайды urbanexpert.kz  Алматы қаласының әкімділiгіне сiлтеме жасап.

Жиында аумақты дамыту жоспары талқыланып, абаттандыру, көгалдандыру және әлеуметтік нысандар салу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алдағы уақытта инвестициялар есебінен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын клиникалық-диагностикалық орталығы бар емхана мен 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай олимпиадалық деңгейдегі гимнастика орталығын салу жоспарлануда.

Қала басшысы полиорталықтың бірыңғай келбетін сақтай отырып, қасбеттердің сәулеттік шешімдерін жетілдіру және энергия үнемдейтін материалдарды қолдану жөнінде тапсырма берді.

«Батыс» полиорталығы — жайлы өмір сүруге, демалуға және спортпен айналысуға арналған заманауи әрі экологиялық кеңістік ретінде дамып келеді.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.