ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
11.11.2025
22:53:04
ru
kz

Алматы тұрғындарының қаладағы ауа сапасына көзқарасы қандай?

Қазақстан жаңалықтары
11.11.2025
19:24
Алматы тұрғындарының қаладағы ауа сапасына көзқарасы қандай?

    Сурет порталдың редакциясымен жасалған 
 

Almaty Air Initiative қоры Алматы қаласының тұрғындарынан ауа сапасы туралы сауалнама жинады. Зерттеуге тек 1000 адам қатыскан болатын. Зерттеу бойынша қаланың кейбір тұрғындары ауаның сапасы нашар деп есептейді


Алдынғы жылы мұндай пікірдегі адамдардың бөлігі 42%-ды құраған. Тағы бір бөлігі ауа сапасын «қанағаттанарлық» деп таңдады. сауалнамаға қатыскандадың 63%-ы соңғы екі-үш жылда ауа сапасы нашарлағаны байқалады деді. 

Ауа сапасын жақсы немесе өте жақсы деп бағалағандар 14%-ды құрады.Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 4%-ға азайған. Түрксіб ауданында ауаны «өте жақсы» деп есептеген бірде-бір тұрғын болмаған.

Жалпы, 86 % алматылық ауаны жақсы деп санамайды, алайда тек 63 % ғана бұл мәселе үшін қатты алаңдайды. Әйелдердің 36 %-ы көбірек уайымдайды, ал ерлер арасында бұл көрсеткіш үштен бірінен аз.


«Ең сезімтал топ, балалы отбасылар: үш және одан да көп баласы бар ата-аналардың 45%-ы ауаның ластануы қатты мазалайтын айтқан, ал баласыздардың арасында бұл көрсеткіш 31%-ды құрайды» деп көрсетті зерттеу нәтижесінде.


Қазіргі уақытта әр алматылық тұрғын мүмкіндігінше қаладан көшуді көздейді, себебі ауа райының нашар сапасы адамның денсаулығына кері әсер едтуде дейді, әсіресе мұндай жағдайлар қыс мезгілінде көп кездеседі

Сауалнамаға қатысушылардың көбі балалар үшін алматылық ауаның қауіпті екенін атап өтті.

35% алматылықтар смогты (ауаның ластануын)

күн сайын сезеді. Бұл көрсеткіш төменгі аудандарда көбірек байқалады:

Түрксіб ауданында - 43 %;

Наурызбай ауданында - 42 %;

Жетісу ауданында - 41 %.

«Ауаның қатты ластанған күндері алматылықтардың үштен бірі (35%) ешқандай шара қолданбайды. Қалғандары қарапайым амалдарды қолданады: үйде қалу - 31 %, 

ауа тазартқыш пайдалану -23 %, бетперде тағ - 15 %.» 

80 % тұрғындар лас ауаның денсаулығына әсерін сезеді. Ең жиі айтылған белгілер:

  • бас ауруы, шаршау және бас айналу - 40%

  • аллергиялық реакциялар - 39%

  • көз, мұрын, тамақтың тітіркенуі - 36%

  • тыныс алу қиындығы - 35%

  • қан қысымының жоғарылауы   23%

  • жалпы әлсіздік пен жайсыздық - 30%.

Алматылықтардың 82%-ы негізгі ластану көзі — көліктер деп ойлайды.

Екінші орында — ЖЭО (45%), үшінші орында — жел айналымының бұзылуы мен тығыз құрылыс (42%).

Экологиялық жағдай көпшіліктің қаладан көшу ойына әсер етуде.

«2025 жылғы сауалнама бойынша, 60% респондент экологияға байланысты Алматыдан кету туралы ойланған, ал әр төртіншісі бұл туралы байыппен ойлап жүрген. Былтыр мұндайлар небәрі 17% болған.»

Жоғары табысы барлардың (айына 1 млн теңгеден астам) арасында көшуге шындап ниеттілердің үлесі - 41%. Жоғары білімі барлардың 28%-ы кетуді ойласа, жоғары оқу орнын бітірмегендердің тек 20%-ы көшуді ойлайды.

49% алматылық қыста смогтан қашу үшін қаладан кеткісі келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 4%-ға төмен болған. Ал 12% респондент қазірдің өзінде қысты басқа жақта өткізеді.

 

«Қыста Алматыдан кететіндердің тек 8%-ы ғана ластанудың еш әсерін сезбейді. Қалғандары бас ауруы, аллергия және тыныс алу мәселелеріне шағымданады. Тіпті кетуді тек ойлап жүргендердің арасында да 54% - бас ауруы мен шаршау, 52% - аллергия, 51%- тыныс алу қиындықтарын айтады.»

Ауа сапасы туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын білетіндер небәрі 18%.

алдынғы жылы мұндайлар 10% ғана болған. Тағы 14% шамамен біледі, ал 68% бұл туралы мүлдем хабарсыз.

«Көптеген тұрғындар әлі де жеке ойына сүйенеді: 39% тұрғын ауаның сапасын иіс пен көрінісіне қарап бағалайды.»

 

Ауа сапасын жақсарту шаралары туралы да хабардарлық төмен. Нақты шараларды білетіндер - 10%, тағы үштен бірі жай естіген.

«Аталған шаралардың ішінде жиі айтылғандары: төмен эмиссия аймақтарын енгізу - 11,3%, ауа тазартқыш пайдалану - 8,5%, ЖЭО-ны газға көшіру - 6,7%, электр көлігі мен газбен жүретін көліктерді дамыту - 5,4%.»

Тұрғындар қала экологиясын жақсартудың ең маңызды жолдары ретінде көлік шығарындыларын азайтуды, ЖЭО-ны газға көшіріп, көбірек көгалдандыруды атаған.

Алайда 63% алматылық қазіргі үкімет шараларын тиімсіз деп есептейді. Мүмкін, жаңа экологиялық ережелер күшіне енген соң бұл көзқарас өзгеруі мүмкін.



 

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.