ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
21.10.2025
03:59:04
ru
kz

Қазақстанда «Тасымалдаушы» республикалық акциясы өтуде: 13 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Жаңалықтар
20.10.2025
13:22
Қазақстанда «Тасымалдаушы» республикалық акциясы өтуде: 13 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

фото/Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қазақстанда жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Тасымалдаушы» республикалық акциясы өтіп жатыр деп хабарлайды Urbanexpert.kz ҚР Көлік министрлігіне сiлтеме жасап.

Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитеті әкімшілік полициямен бірлесіп, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен еліміз бойынша ауқымды тексерістер жүргізді.

Акцияның басты мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Тексеру нәтижесінде 13,6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Олардың ішінде:
1 167 – жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзу;
394 – заңсыз тасымалдау фактілері (көбінесе такси қызметінде);
1 962 – техникалық байқаудан өтпеген немесе техникалық талаптарға сай келмейтін көлік құралдары.

Бақылау барысында инспекторлар оң рульді көліктерге (Toyota Alphard, Estima және т.б.) ерекше назар аударды. 213 жүргізушінің қарсы жолаққа шығу дерегі тіркелді.

Сонымен қатар, алаңдатарлық жағдай байқалды: кейбір такси жүргізушілері күніне 5–6 рет қалааралық рейстерге шығып, еңбек және демалыс тәртібін бұзуда.

«Ұзақ қашықтыққа шаршаған күйде көлік жүргізу — мас күйінде жүргізумен бірдей қауіп тудырады», — деп атап өтті Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитеті.

Рейдтер барысында 268 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған, сондай-ақ 2 506 жүргізуші телефонды пайдалану фактісі анықталды.

Комитет тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, көліктердің техникалық жағдайын бақылауға және жолаушылардың қауіпсіздігін тәуекелге тікпеуге шақырды.
«Тасымалдаушы» акциясы аясындағы бақылау шаралары күшейтілген режимде жалғасады.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.