ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
21.10.2025
21:56:45
ru
kz

Астанада заманауи өнердің халықаралық жәрмеңкесі Astana Art Fair 2025 өтеді

Жаңалықтар
21.10.2025
10:50
Астанада заманауи өнердің халықаралық жәрмеңкесі Astana Art Fair 2025 өтеді

фото/Акимат

24–26 қазан аралығында елорда суретшілер мен коллекционерлердің басын қосатын мәдени орталыққа айналады: Астанада Astana Art Fair 2025 атты заманауи өнердің халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Urbanexpert.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба креативті экономиканы және арт-нарықты дамытуға, сондай-ақ жастарды идеялар мен көркем тәжірибелердің жаһандық алмасуына тартуға бағытталған.

Биылғы іс-шара «Urpaq» бірлестігінің бастамасымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жәрмеңке тақырыбы – «Болашақтың тамырлары» / Future Roots / «Корни будущего». Тұжырымдама жаңа мәдени серпін мен болашақ бағдарларын қалыптастыратын бастаулар идеясына негізделген.

Жәрмеңкеге Қазақстан, Орталық Азия елдері, Ресей және Қытайдан келген галереялар, арт-бірлестіктер мен суретшілер қатысады. Қонақтар 200-ден астам туындыны — кескіндеме, инсталляция, NFT және видео-арт жұмыстарын тамашалай алады.

Қоғамдық бағдарлама аясында өнер саласының белгілі сарапшылары — Валерия Ибраева, Нелли Шиврина, Юлия Сорокина, Әсел Ахметжанова, Christianna Bonin, Нормурод Негматов және басқалар дәрістер мен воркшоптар өткізеді. Сондай-ақ Британдық жоғарғы дизайн мектебінің оқытушысы Галина Кобзева эксперименталды акварель бойынша шеберлік сабағын өткізеді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шарада инклюзия мен қолжетімділікке ерекше мән беріледі: мүмкіндігі шектеулі, есту және көру қабілеті төмен қонақтарға арналған қолайлы жағдай жасалады.

«Біз Astana Art Fair көрмесі суретшілер, коллекционерлер мен көрермендер арасындағы диалог алаңына, әр адамға өнердің үн қататын жаңа мәдени кеңістігіне айналады деп сенеміз», — дейді ұйымдастырушылар.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.