Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жолдың жабылатынын мәлімдеді, деп Urbanexpert.kz Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.
Толық жабылған көшелер:
- 20 сәуірден 20 тамызға дейін - Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі бөлігінде (кварталішілік жолдар бойынша баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
- 9 сәуірден 30 тамызға дейін - Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
- 29 сәуірден 30 тамызға дейін - Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдар арқылы ұйымдастырылған);
- 3-18 маусым аралығында - Бұрабай көшесі Хантау көшесінен Ш. Құдайбердыұлы даңғылына дейін;
- 26 мамырдан 10 маусым аралығында - Солтүстік айналма жолы 191 көшесінен Өндіріс көшесіне дейін.
- 11-17 мамыр аралығында - Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
- 30 мамыр - 8 маусым аралығында - Тұран даңғылы Сарайшық көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған);
- 1 мамырдан 1 тамызға дейін - Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);