Дархан Сатыбалды барлық жобаны жүзеге асыру барысында мерзімді қатаң сақтау, жұмыстың сапасын бақылау, сондай-ақ, нысандардың түрлі санаттағы тұрғындар үшін қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берді.
«Сайран» шағын ауданы
10 мамырдан бастап көркейту жұмыстары басталды. Жоба аясында 14 аула жаңартылып, көлге баратын жаңа жолдар салынады, тротуарлар, спорт алаңдарының жабыны, жарықтандыру, бейнебақылау камералары орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Әкім шағын аудан тұрғындарымен тілдесті.
«Тигрохауд» базары
Сауда алаңының көлемін 7000 м²-ге дейін ұлғайта отырып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен 300 жұмыс орны ашылады.
Н. Сац атындағы театр
Қайта жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Жаңа сахна, заманауи техникалық жабдықтар және көркейтілген аумақ пайда болады.
№16 қалалық емхана
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Емхана 58 мың тұрғынға қызмет көрсетіп, қазіргі таңда шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп отыр. Жаңартудан кейін науқастар мен медицина қызметкерлері үшін жағдай едәуір жақсарады.
Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.