ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
13.06.2025
22:05:07
ru
kz

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтары көбейді

Басты жаңалықтар
12.06.2025
23:46
Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтары көбейді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру кеңістігі жыл сайын кеңейіп келеді. Қазіргі таңда Астана қаласында 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы және аутизм спектріндегі балаларды қолдау мақсатында 2 арнайы орталық жұмыс істейді, деп Urbanexpert.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.

Жыл сайын бұл мекемелерде 4 000-нан астам бала кешенді түзету көмегін алады.

Инклюзивті бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту мақсатында 2025 жылдың сәуір айында елордада №5 психологиялық-педагогикалық түзету орталығы өз жұмысын бастады. Бұл орталық 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын, арнайы немесе жалпы біліммен қамтылмаған балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

№5 орталық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде келесі санаттағы балалармен жұмыс жүргізеді:
  • көру және есту қабілеті бұзылған;
  • сөйлеу қабілеті дамымаған немесе тежелген;
  • тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар;
  • психикалық дамуы кешеуілдеген;
  • ақыл-ойында ауытқуы бар;
  • мінез-құлқы мен эмоциялық-еріктік салада қиындықтары бар балалар.
Орталықтың жобалық қуаты - 100–150 бала, ал жыл сайынғы қамтылу көлемі - 300–350 бала. Мұнда 9 мамандандырылған кабинет жұмыс істейді. Балалармен логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімделген дене шынықтыру (АФК) мамандары, музыкалық ырғақ нұсқаушылары, сурдопедагог пен тифлопедагогтар жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда мерзімі өткен дәрі - дәрмектерді қабылдау пункттері ашылды
Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.