ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
04.10.2025
17:01:12
ru
kz

Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік ашылды

Жаңалықтар
04.10.2025
04:31
Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік ашылды

фото/gov.kz

Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік ашылды деп хабарлайды Urbanexpert.kz Астана қаласының әкімдіге сiлтеме жасап.

Елордадағы Триатлон саябағында көпір астында заманауи қоғамдық аймақ пайдалануға берілді. Мұнда баскетбол мен волейболға арналған әмбебап спорт алаңы, воркаут аймағы, жоғары жүктемеге арналған жаттығу құрылғылары және йогаға арналған жұмсақ жабындысы бар арнайы алаңқай орнатылды. Бұл орын белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін жаңа тартымды нүктеге айналды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа нысанның техникалық ашылуы қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. Көпшілік бос жатқан аумақтың қалай заманауи спорттық-сауық аймағына айналғанын көруге жиналды. Ашылу барысында нысан таныстырылып, кәсіби нұсқаушылар шеберлік сабақтарын өткізді.

Алматы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Данияр Қожахметовтың айтуынша, жаңа кеңістік бірнеше бағытта қызмет етеді. Мұнда спорттық ойындарға арналған алаңдар, воркаут пен ауыр спорт жабдықтары бар аймақ жасақталды. Сондай-ақ, йогаға арналған бөлек жайлы орын қарастырылып, келушілердің қауіпсіздігіне ерекше мән берілген.

«Бұрын бұл жер бос жатқан еді. Қазір оны бұқаралық спортқа арналған толыққанды кеңістікке айналдырдық. Жабдықтар арнайы тапсырыспен жеткізілді және вандализмге төзімді. Әрқайсысының салмағы 100 келіден асады, сондықтан оларды орнынан қозғау мүмкін емес. Мұндай шешім алғаш рет қолға алынып отыр, жобаны жүзеге асыруға бір жарым ай уақыт кетті. Алдағы уақытта мұнда тек спорт емес, мәдени шаралар да өтетін болады», – деді Қожахметов.

Жаңа аймақ тұрғындар тарапынан оң пікірге ие болды. Қонақтар мұндай жобалардың қаланы жайлы етіп, бұқаралық спортты дамытуға серпін беретінін атап өтті. Жаңа кеңістік Триатлон саябағының жалпы атмосферасын толықтырып, белсенді демалыс сүйетіндердің сүйікті орнына айналмақ.

Жобаның басты мақсаты – түрлі жастағы және әртүрлі қызығушылықтағы адамдарды біріктіріп, пайдалы әрі мазмұнды уақыт өткізуге мүмкіндік жасау. Кеңістік тұрғындарға қазірдің өзінде ашық, ал алдағы уақытта мұнда көптеген мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, қаланың маңызды орындарының біріне айналады.

Сондай-ақ оқыныз: Президент «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.