ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
29.10.2025
17:30:57
ru
kz

Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында төрт жаңа мектеп ашылды

Жаңалықтар
24.10.2025
17:40
Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында төрт жаңа мектеп ашылды

фото/Акимат Алматы

Республика куні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларациянын 35 жылдытына орай, мегаполисте «Келешек мектептері» улттык жобасы аясында терт жана білім ордасы пайдалануга берілді деп хабарлайды Urbanexpert Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа білім беру мекемелері Алатау, Медеу және Наурызбай аудандарында орналасқан. Оқу орындары шамамен 8 мың оқушыға арналған, бұл мегаполистегі қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сынып кабинеттері заманауи жиһаздармен, интерактивті панельдермен және мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Химия, физика және биология пәндеріне арналған зертханаларда тәжірибелік және зерттеу сабақтарын өткізуге барлық жағдай жасалған.

Әр мектепте кең спорт және акт залдары, кітапханалар мен медиатекалар, үйірме бөлмелері мен демалыс аймақтары бар. Асханалар заманауи аспаздық жабдықтармен қамтылып, тағам дайындаудың толық циклі қамтамасыз етілген.

Ғимараттар қауіпсіздік және инклюзивтілік стандарттарына толық сәйкес келеді: бейнебақылау жүйелері, өрт дабылы және кіруді бақылау құрылғылары орнатылған. Мектеп аумақтары абаттандырылып, көгалдандырылып және заманауи жарықтандырумен жабдықталған.

«Келешек мектептері» жобасы балалардың сапалы білім алуы үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ Алматы қаласының білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.