ПОДПИСКА НА НОВОСТИ
Разрешите отправлять Вам уведомления о важных новостях.
РАЗРЕШИТЬ
НЕ СЕЙЧАС
13.06.2025
00:42:45
ru
kz

Сарайшық ауданында Балаларды қорғау күніне орай абаттандырылған төрт аула ашылды

Қазақстан жаңалықтары
03.06.2025
16:33
Сарайшық ауданында Балаларды қорғау күніне орай абаттандырылған төрт аула ашылды
Елордадағы Сарайшық ауданында Балаларды қорғау күніне орай абаттандырылған үш бірдей аула ашылды. Жаңа алаңдар мына мекенжайларда ашылды: Р. Қошқарбаев даңғылы, 68 («Аспан» ТК), Шалкөде көшесі, 9, А.Бөлекпаев көшесі, 4 («Тарлан» ТК) және А. Болекпаев көшесі, 15, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл аулаларда балалар және спорт алаңдары, футбол алаңы, жаттығу құрылғылары және қауіпсіз жабын орнатылған.

«Бұл – «Халық қатысатын бюджет» жобасының нәтижесі. Барлық төрт өтінім де дауыс беруден өтіп, тұрғындардан 100% қолдау алды. Жұмыс мамыр айының басында басталып, 1 маусымға дейін аяқталды», – деді Сарайшык ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің жетекші маманы Еламан Нүгербеков.


Шалкөде көшесі, 9 мекенжайындағы ауланың ашылуында балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті: аниматорлар, байқаулар және көңілді музыка ұйымдастырылды.

«Біздің үйге 17 жыл болды. Енді ауламыз жаңарды, балалар бақытты, бұл бізге де қуаныш», – деді тұрғын Эльмира Бекпенова.


Еске сала кетейік, биыл Астанада шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық ауданында, оның ішінде тұрғын алаптарда да жүргізіледі. Бірқатары аяқталған. Балаларды қорғау күнінде елорданың алты ауданында тағы 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды.
Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.