Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында шаһардың экологиялық әрі санитарлық жай-күйін жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар қарқын алып отыр, деп Urbanexpert.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.
Мұның бәрі әсем қаламызды бұрынғыдан да көркейтіп, жайлы да жарық, таза, өмір сүруге қолайлы қылуға бағытталған ізгі ниеттің жемісіКүн сайын Алматы көшелеріне жүздеген жұмысшы мен коммуналдық техника шығады. Күндіз 328 арнайы техника мен 925 жұмысшы тартылса, түнгі уақытта бұл істі 162 техника мен 178 маман жалғастырады. Бұл алып шаһардың әр таңы тап-таза, жинақы болуы үшін жасалып жатқан шаралар.
Оқи отырыңыз: LRT желісінде рельстің 50% төселді