«Медеу» спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды

Жаңалықтар
24.10.2025
17:58
«Медеу» спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды

фото/Акимат Алматы

Алматыда биік таулы «Медеу» спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба нысанның тарихи және сәулеттік келбетін сақтай отырып, заманауи, энергия үнемдейтін әрі көпфункционалды кеңістік қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Urbanexpert.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде жаңа тоңазыту жүйесін орнату, инженерлік желілерді жаңарту және мұз жамылғысының жағдайын бақылайтын AI-мониторинг жүйесін енгізу жоспарланған. Бұл энергия тұтынуды 25%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар трибунадағы орындықтарға жылыту жүйесі орнатылады, қонақүй «4 жұлдыз» стандартына сәйкестендіріліп жаңартылады және спортшыларға арналған оңалту орталығы ашылады.

Келесі кезеңде жылыту жүйесі бар ашық бассейн, серуен жолдары мен панорамалық көпірлері бар эко-парк, сондай-ақ терассалар мен кофеханалар аймағы және кешен тарихына арналған интерактивті музей салу көзделген.

Жаңғырту жұмыстарын 2027 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.