Yandex Qazaqstan жүргізуші мен курьерлер үшін 8,3 млрд теңге салық төледі

Қазақстан жаңалықтары
04.11.2025
19:17
Yandex Qazaqstan жүргізуші мен курьерлер үшін 8,3 млрд теңге салық төледі

Yandex Qazaqstan компаниясының хабарлауынша, елімізде платформалық жұмыспен қамту жобасы бойынша 108 мың жүргізуші мен жеткізуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Олардың жалпы табысы 284 миллиард теңгені құрады. Осы сомадан бюджетке 8,3 миллиард теңге салық пен әлеуметтік аударым түскен.

Yandex Qazaqstan Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту жобасы аясында 108 мың жүргізуші мен курьер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін хабарлады. Олардың жиынтық табысы 284 млрд теңгені құрады, ал бюджетке 8,3 млрд теңге салықтар мен әлеуметтік жарналар түсті. 
Аталмыш жоба арқылы жүргізушілер мен жеткізушілер Яндекс Go платформасымен тікелей жұмыс істеп қана қоймай, зейнетақы төлемдері мен медициналық сақтандыруды ала алады.

"Біз жүргізушілер мен курьерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп жұмыс істеуді көбірек таңдайтынын көріп отырмыз. Олар үшін бұл тұрақтылық ертеңгі күнге сенімділіктің кепілі. Бұл платформалық жұмыспен қамтуды тұрақты дамытуға жасалған үлкен қадам", - деді Яндекс Go компаниясының жүргізушілерімен платформалық жұмыспен қамтуды дамыту және әріптестік жөніндегі директоры Наталья Москвитина. 

Кірістерді фискализациялау дегеніміз, төлемдердің барлығы арнайы e-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады және салық жүйесінде автоматты түрде көрсетіледі. Бұл тәсіл нарықты ашық етіп қана қоймай, еліміздің сандық салық жүйесінің дамуына ықпал етеді.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.