Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды

Қазақстан жаңалықтары
02.02.2026
14:49
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысында апаттық-қалпына келтіру жұмысына байланысты Тәуелсіздік даңғылы бойында қозғалыс уақытша (1,5-2 тәулікке) жабылады.

Бұл ретте Ш.Қалдаяқов көшесінен И.Панфилов көшесіне дейінгі учаскеде бір бағытта. Ал Ш.Қалдаяқов көшесіндегі оңға бұрылатын қосымша жол арқылы Тәуелсіздік даңғылына өтуге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.