Алматыда Әл-Фараби даңғылында жаңа сақиналы жолайрық салынады

Жаңалықтар
04.10.2025
04:41
Алматыда Әл-Фараби даңғылында жаңа сақиналы жолайрық салынады

фото/gov.kz

Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Үшкемпірұлы көшесінің (бұрынғы Ремизовка) қиылысында жаңа жолайрық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Urbanexpert.kz  Алматы қаласының әкімдіге сiлтеме жасап.

Қалалық жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, мамандар шамадан тыс жүктелген учаскеде қозғалысты ұйымдастырудың бірнеше нұсқасын талдап, ең қолайлы шешімді таңдаған.

— Шектеулі жағдайларды ескере отырып, Үшкемпірұлы мен Қаппаров көшелерінің қиылысында бір деңгейлі, сақиналы жолайрық салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл нұсқа инженерлік желілерді қайта жөндеуді барынша аз қажет етеді, жеке меншік жер телімдерін сатып алуды қарастырмайды және құрылыс кезінде Әл-Фараби даңғылындағы қозғалысты тоқтатуды талап етпейді, — деп атап өтті басқармада.

Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бекітілгеннен кейін ғана нақты техникалық-экономикалық көрсеткіштер, соның ішінде құны мен құрылыс мерзімі анықталатын болады. Жобалау жұмыстарын аяқтап, мемлекеттік сараптамадан 2026 жылдың қаңтарына дейін өту жоспарланған.

 

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.