Алматы Бас жоспарын өзектендіруде

Жаңалықтар
13.10.2025
15:02
Алматы Бас жоспарын өзектендіруде

фото/Акимат города Алматы

Президенттің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңартылған Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Urbanexpert.kz Алматы қаласының әкімділiгіне сiлтеме жасап.

Жаңа құжаттың негізгі бағыттары — жасыл аймақтарды кеңейту, таулы аймақтарды құрылыстан қорғау және экологиялық тұрғыдан теңгерімді қалалық ортаны қалыптастыру.

Сонымен қатар, қаланың туристік әлеуетін дамыту аясында жеке инвесторлар жүзеге асырып жатқан жаңа қонақүй жобалары қаралды. Бүгінде Алматы қонақүйлерінің жүктемесі 95% деңгейінде, ал 54 жаңа жоба іске асырылу үстінде.

«Сапалы инфрақұрылымсыз туристік ағымның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қиын, сондықтан бұл бағытта жан-жақты жұмыс жүргіземіз», — деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Жаңартылған Бас жоспардың басты мақсаты — Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, жасыл және тартымды қалаға айналдыру.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.