фото/Акорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында өткен қалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара Линейный саябағында өттім хабарлайды Urbanexpert.kz akorda.kz сiлтеме жасап.
Мемлекет басшысы еріктілермен және студенттермен бірге ағаш отырғызып, қатысушылармен әңгімелесіп, қаланы көгалдандыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
– Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, волонтерлерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бір реттік акция емес, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс және әр азаматтың экологиялық мәдениетінің бір бөлігіне айналуы қажет.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елордада 1,1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланғанын айтты. Бұл жұмыстар қаланың ішкі аймақтарында және Астананы қоршаған жасыл белдеуде жүзеге асырылады.