Алматыда автобустардың зиянды шығарындыларын тексеру жалғасып келеді

Қазақстан жаңалықтары
10.03.2026
16:00
Алматыда автобустардың зиянды шығарындыларын тексеру жалғасып келеді

Eco Almaty мобильді экологиялық зертханалары қоғамдық көліктің атмосфераға бөлетін шығарындыларының деңгейін тексеруді жалғастырып жатыр.Бұл туралы  Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап Urbanexpert.kz хабарлайды.

2026 жылы 5 наурызда мамандар «Досчан-М» автопаркінің автобустарына мониторинг жүргізді. Барлығы 87 автобус тексерілді. Өлшеу нәтижесінде дизель отынымен жүретін 26 автобуста уыттылық нормативтерінің шектен асқаны анықталды.

Сонымен қатар КАП-3 және КАП-6 автобус парктерінде каталитикалық түрлендіргіштері жоқ 85 автобус анықталды.

Жалпы, қала бойынша өткен жылдың соңында уыттылық нормасы асып кеткен 250-ден астам автобус тіркелген.

Қоғамдық көлікті тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және қаладағы атмосфералық ауаны ластайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

Есепке қою туралы № KZ59VPY00090729 БАҚ куәлігі 11.04.2024 жылы берілді.