Фотосуреттер Юлия Якупбаеваның жеке мұрағатынан алынған
Green Urban қауымдастығының негізін қалаушы Юлия Якупбаева қазіргі уақытта Қазақстандағы экологиялық жобалардың алдынғы қатарында орын алады. Оның мемлекеттік құрылымы, қаржы саласы және ұлттық жобалардағы тәжірибесі қалалық дамуға кеңінен тарауға мүмкіндік береді, экономиканы, экологияны және әлеуметтік тараптарты біріктіре отырып. Urbanexpert порталына берген сұхбатында ол Smart Plastic Zone жобасының алғашқы нәтижелері, аймақтар үшін жасалып жатқан жасыл стандарттар және Green Urban қауымдастығының қазіргі маңыздылығы туралы айтты.
Юлия Константинқызы, алдымен Green Urban қауымдастығы туралы айтып өтсеңіз. Қалай жұмыс істейсіздер және қандай бағыттарыңыз бар?
Green Urban қауымдастығы – Ұлттық ESG-клуб жанындағы GreenUrban комитетінің жалғасы ретінде құрылды. Біз қауымдастықта осындай бағыттарды сақтадық:
айналмалы экономика,
Smart city,
тұрақты білім беру
тұрақты дамыту,
туризм және спорт,
Urban Health (қалалық денсаулық сақтау).
Біздің мақсатымыз – жасыл стандарттар мен технологияларды дамыту. Coca-Cola компаниясымен ортақ жоба – ауқымдауға мүмкіндігі бар, нақты ықпалы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталған қауымдастық стратегиясының бір бөлігі.
Қазір Densaulyk city (Салауатты қала) жобасы дайындық кезеңінде, ал ұжымдық футбол лигасы «ESG-ЛИГА» жобасы жалғасып жатыр. Әр бағыттың жетекшілері бизнес, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар өзара іс-қимыл жасайтын жобалық топтар құруда.Білім беру бастамаларын қолдау аясында біз онлайн дәрістен қатар, алдынғы жылы үлкен танымалдыққа ие болған Urban Talks кездесулерін қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз.Біз әрдайым серіктестікке ашықпыз және келесі ұйымдармен меморандумдарға қол қойдық:
Қазақстанның жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC),
ҚР Қоғамдық тамақтандыру саласындағы СРО,
Ұлттық Кооперативтер қауымдастығы,
«SPK Алматы» АҚ,
«HORECA Made in Puglia srl» қауымдастығы,
Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы қатысушылары қауымдастығы «QAZPROPERTY».
.jpg)
Осылайша, қауымдастықтың миссиясы – қалалар мен бизнесті тұрақты, жайлы және экологиялық етуге мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыру.
Қандай жасыл стандарттар мен аймақтардың ESG-рейтингтерін жасап жатырсыздар? ол жобалар қаланың дамуына әсері барма?
Бұл жобалар қалалық орта дамуына қалай әсер етеді?Green Urban қауымдастығы қалаларды экологиялық және өмір сүруге қолайлы етуге ұмтылған сарапшыларды, ұйымдарды және белсенділерді біріктіреді. Біз жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, тұрақты құрылыс, тұрақты туризм, тұрақты білім беру және табиғи ресурстарды сақтау саласындағы жобаларға көңіл бөлеміз.
Өткен жылы біз GreenOffice халықаралық марапатының қазылар алқасында болдық. Осы жылы бізге «Жасыл кампус», «Үздік әлеуметтік стратегия» сияқты номинациясы бар тағы бір экологиялық сыйлықтың ұйымдастырушылары жүгінді. Мұндай сыйлықтарға қатысқан компаниялар тәжірибесін кеңейтіп, экологиялық білімін арттыра алады.
Сондай-ақ, биыл «Capital Health» форумының жалғасы ретінде серіктестерімізбен бірге, Алдын алу медицинасы орталығы арқылы бірнеше аймақта салауатты өмір салты бойынша кең ауқымды зерттеу жүргізуді бастадық. Бұл жоба Densaulyk city деп аталады.
Тағы бір жоба KazGBC ұйымымен бірлесіп жүзеге асуда. Ол қазақстандық «Өмір» жасыл құрылыс стандартының авторы. Бұл да Smart Plastic Zone сияқты айналмалы экономика саласындағы жоба болмақ.
Green Urban қауымдастығы қоғамдық тамақтану саласында тұрақты тұтыну мен пластикті азайту бағытында қалай жұмыс істейді?
.jpeg)
Green Urban қауымдастығы мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Біздің серіктестігіміз келесі бағыттарды қамтиды:
тұрақты тұтыну талаптарын мейрамхана саласында енгізу, соның ішінде қалдықтарды азайту,
санитарлық ережелерді жақсарту және экологиялық таза қаптамаларды пайдалану,
пайдалы тамақтану мәдениетін дамыту және қант, консервант сияқты зиянды қоспаларды азайту,
жергілікті ауыл шаруашыларымен және жеткізушілермен әріптестікті дамыту,
тұрақты даму мен санитарлық талаптарға арналған стандарттар мен сертификаттарды әзірлеуге көмектесу,
экология, энергия және тиімді менеджмент саласында мамандарды дайындау,
қоғамдық тамақтану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру.
Яғни, біздің серіктестігіміз тек пластик мәселесімен шектелмейді.
.jpg)
Алайда Smart Plastic Zone жобасына нақты тоқталсақ, бүгінде жобаға қоғамдық тамақтану саласының шамамен 10 өкілі қатысып отыр, қазіргі уақытта да қатысушылар саны артып келеді.
Coca-Cola Kazakhstan компаниясымен бірлесіп жүргізіліп жатқан Smart Plastic Zone бастамасының алғашқы кезеңінің басты жетістіктері қандай?
Smart Plastic Zone жобасы Coca-Cola Kazakhstan және Green Urban қауымдастығының қолдауымен жүзеге асуда, ал оның негізгі орындаушысы – «GPI-Lab» ЖШС.
Басты мақсат – пластикалық ізі аз жауапты бизнесті қалыптастыру және осы тәжірибені түрлі салалар мен аймақтарға тарату.
Алғашқы 5 айдың нәтижелері жобаның табысты екенін көрсетті:
жобаның географиясы алғашқы 3 пилоттық қала – Алматы, Астана, Қарағандыдан тыс кеңейді; қазір оған Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облысы, Тараз қосылды. Басқа аймақтар мен тіпті көрші елдерден де сұраныстар бар. Жалпы Smart Plastic Zone мәртебесін алған нысандардың ауданы 650 мың м²-ден асты,
Smart Plastic Zone Gold белгісін алған алғашқы көшбасшы компаниялар пайда болды; олар тұрақты шешімдердің құндылығын өз мысалымен көрсетіп отыр,
қатысушылар құрамының кеңдігі қуантады – бүгінгі таңда 40-қа жуық компания білім беру, қаржы, мейрамхана бизнесі, ТРЦ және өнеркәсіп сияқты түрлі секторлардан қатысып отыр.
Алғашқы талдамалық анықтамалар дайындалып, жасыл кеңсе / жасыл кампус тәжірибесін үйренгісі келетін компаниялар үшін онлайн дәрістердің сериясы басталды.
Smart Plastic Zone жобасын Қазақстанның басқа аймақтарында және Орталық Азия елдерінде кеңейтудегі негізгі қиындықтар қандай?
Негізгі қиындық – ақпараттың аздығы. Біз коммерциялық емес жоба болғандықтан, жарнамалық бюджетіміз жоқ. Соған қарамастан, алғашқы айдың өзінде 3 пилоттық өңірден тыс аймақтарға шықтық.
Компаниялар онлайн түрде сауалнама толтыра алады, ал егер олардың ішкі үдерістері жолға қойылған болса, дәлелдемені тез өтуге мүмкіндік бар. Кейбір өндірістік кәсіпорындар өз қосалқы компанияларының «Жасыл кеңсе» саясатын тексеру үшін біздің жобамызды пайдалануда. Осылайша, жоба тек марапаттау ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ішкі стандарттарды сақтау құралына айналады.
Биыл шетел нарығына шығу міндеті қойылған жоқ, бірақ біз бұл мүмкіндіктерді сынақтан өткізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін географиямызды тағы да кеңейту жоспарымыз бар.
Юлия Якупбаеваның тәжірибесі көрсеткендей, қалалардың тұрақты дамуы нақты іс-қимылдардан басталады – экологиялық ізді азайтудан бастап, жаңа стандарттар мен серіктестіктерді енгізуге дейін. Green Urban бастамалары арқылы қалалар заманауи, экологиялық және жайлы өмір сүруге қолайлы ортаға айналып келуде.
